
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының ұйымдастыруымен «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» форумы өтті.
Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты:
▫️ ҚР Президенті Әкімшілігі мен Парламент депутаттары
▫️ Мемлекеттік органдар өкілдері
▫️ Еңбек ардагерлері
▫️ Жұмыс берушілер мен кәсіподақтар өкілдері
🔹 Форум "Еңбек күні: жаңа кәсіптер, еңбек адамы" атты стратегиялық сессиямен басталды.
🔹 ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов құттықтау сөзін жолдады.
🔹 Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбо бейнеүндеу жолдады.
🏅 Түрлі салада еңбек етіп жүрген үздік жұмысшылар мен ардагерлер марапатталды.
🟢 БҚО атынан қатысқан делегация құрамында
▫️ Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Галиева
Бөкейордасы ауданы колледжінің студенті
▫️ Жүйекеев Райымбек Арайбекұлы
* Политехникалық колледждің 2 курс студенті Азамат Жұмақайров бар.
🔔 Форум аясында жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту және осы саланың беделін көтеру тақырыптары талқылануда.