
👥 Бүгін ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева*ның төрағалығымен өткен *Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес отырысына Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин және жауапты мамандар қатысты.
🧩 Кеңесте балалардың әл-ауқатын жақсартуға арналған маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:
– Балаларды психологиялық қолдау орталықтарының қызмет сапасын арттыру;
– Суицидтің алдын алуға арналған бірыңғай әдістемені енгізу;
– Мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды үйлестіру жолдары талқыланды.
📍 Кеңес қорытындысында нақты тапсырмалар беріліп, балалардың құқықтарын қорғаудағы кешенді шаралар күшейтілетін болды.
#БалалардыңҚұқығы #ПсихологиялықҚолдау #БҚОБілім #DinaraZakieva