"Жұмысшы мамандықтар жылына" арналған волейбол турнирі өтті

"Жұмысшы мамандықтар жылына" арналған волейбол турнирі өтті

 

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында волейболдан облыстық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.

🎙️ Шараға қатысқан Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысушыларға сәттілік тілеп, техникалық және кәсіптік білім берудегі серіктестіктің, салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

👥 Турнирге ардагер ұстаздар мен колледж директорлары да қатысты. Шара барысында ардагер педагогтерге құрмет көрсетілді, ал колледж директорларына кәсіподақ ұйымымен бірлескен жұмыстары үшін "Алғыс хаттар" табысталды.

🏐 Жарысты Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы ұйымдастырды.

👕 Ерлер мен әйелдер командалары қатысқан турнир тартысты әрі жоғары деңгейде өтуде.

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы #ТжКБ #ВолейболТурнирі #Кәсіподақ #БҚОБілім #Алғыс #АрдагерлергеҚұрмет