
🔹 Қазіргі білім беру жүйесінде көшбасшылық пен жаңашылдық басты бағыттардың біріне айналды. Осы орайда, «Білім берудегі 1000 көшбасшы» ұлттық жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында жаңа басқарушы буын қалыптасып келеді.
📈 Бүгінде өңір бойынша 44 резервші тіркелсе, оның 36-сы басшылық қызметке тағайындалды.
🏫 Әсіресе, «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған жаңа форматтағы мектептерге осы жоба түлектерінің жетекші болып келуі — жаңашыл білім беру жүйесіне серпін беріп отыр.
✅ Атап айтқанда:
- №51 мектеп директоры – Жұмабай Жақсығали
- №52 мектеп директоры – Рахметуллина Самал
- Подстепное №2 мектебі (Бәйтерек ауданы) – Турсинова Жадыра
🧭 Барлығы – «Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасының білікті, заманауи ойлайтын түлектері. Бұл — жаңа форматтағы мектептерді басқаруда тың көзқарас пен сапалы өзгерістерге жол ашады.
🎙 Бүгін осы тақырып аясында *БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин 24 kz телеарнаcына арнайы сұхбат берді.