
🔍 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен, Nazarbayev University Graduate School of Education ұйымдастырған жасанды интеллектті білім беру саласына енгізу бойынша кәсіби даму бағдарламасы сәтті аяқталды.
📅 Бағдарлама 2025 жылдың ақпанынан бастап жүзеге асырылып, AI технологияларын тиімді қолдану, цифрлық трансформация, көшбасшылық және басқарушылық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталды.
🎓 Қорытынды іс-шарада қатысушылар өз жобаларын сәтті қорғап, тәуелсіз сарапшылардан кәсіби баға мен ұсыныстар алды.
🏅 Арнайы сертификаттарды ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Nazarbayev University Президенті Waqar Ahmad өз қолымен табыстады.
📌 Бұл бағдарламаға Батыс Қазақстан облысынан:
– облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин,
– «Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының» директоры Ақан Бижанов,
– аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары Нұргүл Жігерова мен Асхат Мулдағалиев қатысты.
🤖 Білім беру жүйесінің болашағы – инновация мен жасанды интеллектте. Бұл бастама – сапалы басқару мен заманауи көшбасшылықтың нақты көрінісі.