*Балалардың амандығы – басты назарда!*

*Балалардың амандығы – басты назарда!*

10 қыркүйекте Ақжайық ауданында БҚО әкімдігі жанындағы *Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы* өтті.

🟢 Отырысқа облыс әкімінің орынбасары *Қайыржан Меңдіғалиев*, облыстық білім басқармасының басшысы *Елдос Сафуллин*, сондай-ақ тиісті басқарма өкілдері мен бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдер қатысты.

👥 Жиында көтерілген басты мәселелердің бірі — балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл ретте:
▪️ отбасы құндылықтарын дәріптеу
▪️ ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті нығайту
▪️ мектептегі тәрбие жұмысын күшейту
▪️ психологиялық қолдауды жетілдіру қажеттігі айтылды.

💬 Комиссия мүшелері өзара пікір алмасып, бірқатар нақты ұсыныстар енгізді. Алдағы уақытта отбасылық құндылықтарды насихаттау және ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында жүйелі шаралар жүзеге асырылмақ.