
Шыңғырлау ауданы Амангелді негізгі орта мектебінің ұжымы жазғы демалысты тиімді өткізіп, бақша өсіруді дәстүрге айналдырған.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі *Лесов Жүсіпқали*, тарих пәнінің маманы *Лесова Ақмарал*, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі *Қадырбек Нұрдәулетұлы* бастаған ұстаздар тобы 2023 жылдан бері *қарбыз бен қауын* егіп келеді.
Көшеттер арнайы көшетханада бапталып, кейін тамшылатып суару әдісімен егілді. Тыңайтқыш ретінде сұйық биогумус қолданылып, экологиялық таза өнім алуға мән берілген.
Бұл – жай еңбек емес, табиғатты аялау мен шәкіртке үлгі болудың нақты жолы.