*Ауыл мектебін қолдау – басты назарда!*

*Ауыл мектебін қолдау – басты назарда!*

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы *Елдос Сафуллиннің* төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Кеңеске «Желкен» қорының өкілдері, басқарма ұжымы, облыстық орталықтар директорлары және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

🟡 Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

1️⃣ *Ауылдық мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау* туралы «Желкен» қорының өкілі *Абатаев Мақсат* жан-жақты ақпарат берді. Бұл – қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған маңызды жоба. Кабинеттермен жабдықтаумен қатар, мұғалімдер арнайы біліктілік курстарынан өтеді. Қойылатын талаптар мен жобаның ерекшеліктері кеңінен түсіндірілді.

2️⃣ *Диагностикалық сауалнама нәтижелері* бойынша «Облыстық әдістемелік психологиялық қолдау орталығы» директоры *Ләззат Есенова* пилоттық жоба қорытындысын ұсынды. Баламен жеке жұмысты күшейту тапсырылды.

3️⃣ *Кадрлық қамтамасыз ету* – білім беру ұйымдарындағы бос лауазымдарды жабу, тағайындау және кадр тапшылығын жүйелі шешу жолдары талқыланды.

📚 Кеңес нәтижесінде нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тұлғаларға мерзімдер бекітілді.