«5 КҮН – 5 БАҒЫТ» ЖОБАСЫ – ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРҒА ҚАДАМ

«5 КҮН – 5 БАҒЫТ» ЖОБАСЫ – ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРҒА ҚАДАМ

Ақжайық ауданы Жаңабұлақ жалпы орта білім беретін мектебі «5 КҮН – 5 БАҒЫТ» жобасын іске асырып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, заманауи әдістерді меңгеруге бағытталған тың қадам жасады.

🎯 Жобаның мақсаты:
Педагогтер арасында тәжірибе алмасу, кәсіби дамуды қолдау, білім беру процесінің сапасын көтеру.

📅 Бағыттар бойынша апталық жұмыс:
🔹 1-күн – Кәсіби даму: Семинарлар, коучингтер.
🔹 2-күн – Цифрлық сауаттылық: Шеберлік сағаттары, цифрлық құралдарды қолдану.
🔹 3-күн – Шығармашылық: Қолөнер, сурет байқаулары.
🔹 4-күн – Салауатты өмір салты: Спорттық жарыстар, ұлттық ойындар.
🔹 5-күн – Рухани-адамгершілік құндылықтар: Дөңгелек үстелдер, ашық сұхбаттар.

📝 Жоба аясында ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, SWOT талдау жасап, күшті және әлсіз тұстарын саралады. Әр мұғалім оқу жылына арналған жеке KPI жүйесін әзірледі. Сонымен қатар, мектеп миссиясының маңыздылығы кеңінен талқыланды.