
2025 жылғы 3 қыркүйекте БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллиннің бұйрығымен *облыстық кадр резервшісі* Сәрсенғалиев Ербулат Қайырғалиевич Теректі ауданының білім беру бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Ербулат Қайырғалиевич — жоғары білімді маман, 2018 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол еңбек жолын әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәні мұғалімі болып бастап, кейін:
– кадр жөніндегі әдіскер,
– қосымша білім беру педагогы,
– қорғаншылық және қамқоршылық органы бойынша әдіскер қызметтерін атқарған.
Барлық қызмет Бәйтерек ауданының білім беру мекемелерінде жүзеге асқан.
Жаңа қызметте сәттілік тілейміз!