Жаңарған мектеп – жарқын болашақтың кепілі

Жаңарған мектеп – жарқын болашақтың кепілі

Жаңақала ауданы Көпжасар ауылында Дина Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпте өз есігін айқара ашты. Бұл – балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін жасалған маңызды қадам.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Саягүл Галиева, ауыл тұрғындары, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Күйші Дина Нұрпейісованың рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге «Әліппе» мен сыйлықтар тарту етіліп, атаулы күн есте қаларлық сәттермен өрілді.

Жаңарған білім ордасы ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашаққа жол ашады!