Орта білім беру туралы қаулы жобасы

Орта білім беру туралы қаулы жобасы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2025-2026 оқу жылына арналған

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы»  қаулы жобасына

түсіндірме жазба

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

«Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының  7-2) тармақшасы,     62-бабының 4-2, 6-1–тармақтары сәйкес әзірленді.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген, орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруын есептеу алгоритміне сәйкес, орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативін есептеу жөніндегі әдістемелік ұсынымға сәйкес 2025 есептік жылына арналған қаржыландыру 33 494 243 000 теңге (Отыз үш миллиард төрт жүз тоқсан төрт миллион екі жүз қырық үш мың) , 2026 есептік жылына 33 715 206 000 теңге (Отыз үш миллиард жеті жүз он бес миллион екі жүз алты мың)

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Қаулы жобасының қабылдануы келеңсіз әлеуметтік экономикалық немесе құқықтық салдарды туындатпайды.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

          2025-2026 оқу жылына арналған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

          Қабылданбаған  

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Жоба 2025 жылғы 20 тамызда «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылды

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат

Анонс «Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сайтында орналастырылды.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Қажет емес.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Бір білім алушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына сәйкес айқындалған.

 

 

Батыс Қазақстан облысы

білім басқармасы басшысы                                    Е.Сафуллин

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «2025-2026 оқу жылына

арналған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру

тапсырысын бекіту туралы»

қаулысының жобасына пресс-релиз

 

     Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «2025-2026 оқу жылына арналған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба)  дайындады.

Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының  7-2) тармақшасы, 62-бабының 4-2, 6-1-тармақтарына сәйкес әзірленген.

Мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің www.legalacts.egov.kz интернет –порталында танысуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025-2026 оқу жылына арналған

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік

білім беру ұйымдарында орта

білімге мемлекеттік білім

беру тапсырысын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының                                      7-2) тармақшасына, 62-бабының 4-2, 6-1-тармақтарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025-2026 оқу жылына арналған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

         1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне жіберуді;

          2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      

 

Облыс әкімі                                                                Н.Төреғалиев

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___» ___________
№ ___________ қаулысына
қосымша

 

 

 

2025-2026 оқу жылына арналған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Р/с №

Сыныптар

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарындағы оқушылар саны

Жылына бір оқушыға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

Жалпы білім беретін сыныптар

Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті оқыту

Орта білім беру ұйымдардағы түзету сыныптары

Үйде оқыту

Коммунал-дық мемлекеттік мекеме

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Коммуналдық мемлекеттік мекеме

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Коммуналдық  мемлекеттік мекеме

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Коммуналдық мемлекеттік мекеме

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Коммуналдық мемлекеттік мекеме

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

2025 ж.

2026 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2025 ж.

2026 ж.

2025 ж.

2026 ж.

1

1-4- сыныптар

20965

11983

436 582

442 319

454 276

461 872

751 236

757 469

768 930

777 022

822 994

828 730

840 688

848 283

2 141 612

2 144 586

2 141 612

2 144 586

2

5-9- сыныптар

25302

12142

596 274

602 010

613 968

621 563

1 070 620

1 076 851

1 088 314

1 096 404

982 382

988 188

1 000 076

1 007 671

2 652 389

2 655 363

2 652 389

2 655 363

3

10-11- сыныптар

5670

2959

712 331

718 067

730 025

737 620

1 302 734

1 308 965

1 320 428

1 328 518

1 041 176

1 046 913

1 058 870

1 066 466

3 162 707

3 165 681

3 162 707

3 165 681