
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Қаратөбе ауданына жасаған іссапар аясында Саралжын ауылдық округіне қарасты Сәуле ауылында орналасқан Жақсыбай негізгі орта мектебінің жұмысымен танысты.
🏫 1976 жылы саман тастан салынған мектеп үш ғимараттан тұрады, жалпы ауданы – 384,4 м². Мұнда 11 оқу кабинеті бар. 2016 жылы мектепке көгілдір отын тартылып, жаңа бу қазандығы орнатылған.
📈 Соңғы жылдары ауылда бала санының артуы байқалады. Іссапар барысында мектеп директоры Лида Сариева Елдос Сафуллинге ауыл тұрғындарының ұсынысын жеткізіп, модульдік мектеп салуға ықпал етуді сұрады.
🤝 Кездесуге Қаратөбе аудандық білім бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, ауыл әкімі Дәулет Оразақаев және аудандық мәслихат депутаты Амангелді Мырзағалиев қатысып, жастардың ауылда тұрақтауына және білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты пікірлерін білдірді.
Балаларға сапалы білім мен қауіпсіз орта қамтамасыз ету – басты міндет! 👩🏫📚