📌 Колледж басшыларымен аппараттық кеңес өтті

📌 Колледж басшыларымен аппараттық кеңес өтті

Бүгін БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Ақжарқын Темірханованың төрағалығымен облыстың 35 колледж басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

🔹 Кеңес аясында қалалық колледждердің ауылдық колледждерге қамқорлық көрсету тәжірибесі, тәлімгерлік әдістері және жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер талқыланды.

🎯 Басты назарда:
– Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үйірмелер мен спорт секцияларымен қамтуды күшейту;
– Дуальды оқытуды дамыту: колледждер арасында салыстырмалы рейтинг жүргізілді. 12 колледж – республикалық, 10 колледж – облыстық көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті. Алдағы оқу жылында дуальды оқытуды республикалық межеден жоғары деңгейде ұйымдастыру міндеті қойылды.

🛠 Сонымен қатар, Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы жоспарлардың орындалуы мен 2025–2026 оқу жылына дайындық барысы да назардан тыс қалған жоқ.