
АҚШ-та өткен беделді WPI Annual FIRST® LEGO® League (WAFFLE) халықаралық чемпионатында жүлдемен оралған Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары – Tidal Tumble командасы мен олардың жетекшісі Армат Болатұлы Мақсотовты бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев салтанатты түрде қабылдады.
Кездесуге сондай-ақ облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин қатысты.
🌟 Әкім жас зияткерлердің халықаралық деңгейдегі табысын ерекше атап өтіп, әр оқушыға естелік сыйлықтар табыстады. Кездесу барысында Нариман Төреғалиев:
> «Дарынды балаларға қолдау көрсету – болашаққа салынған инвестиция. Біз сіздер үшін барлық мүмкіндікті жасап, бұдан да биік белестерге жетуге жағдай жасауға әрқашан дайынбыз» – деді.
Tidal Tumble командасы өз жобасы – "Aqua Aeris" ауадан су өндіретін инновациялық құрылғысын таныстырып, әлемнің 108 елінен келген 650 команда арасынан оза шауып:
🏆 «Engineering Excellence Awards» – 2 орын,
🏅 «Robot Performance» – 6 орын иеленген болатын.
Бұл – қазақ жастарының ғылым мен технология саласындағы әлеуетін танытқан үлкен жеңіс! 🇰🇿👏