📍 Шыңғырлау ауданында облыстық семинар өтті

📍 Шыңғырлау ауданында облыстық семинар өтті

2025 жылғы 20 маусымда Шыңғырлау ауданында «Жазғы демалыс – тәрбиелік бағдарламаға негізделген даму алаңы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
🔹 Семинар мақсаты – жаз мезгіліндегі оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастырып, тәрбиелік мәні зор жобалармен тәжірибе алмасу.

Іс-шараға аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.

🔸 Спикерлер жазғы демалыс лагерлері мен тәрбиелік жобалар аясындағы үздік тәжірибелермен бөлісті.
🔸 Қатысушылар этнолагерь аумағын аралап, ұлттық, спорттық, шығармашылық бағыттағы жұмыстармен танысты.

📊 Биыл Шыңғырлау ауданында 1951 оқушының 86%-ы – жазғы демалыс және экскурсия бағдарламаларымен қамтылады.
🏕 «Достық» шатырлы лагері мен «Арай» лагері 200 баланы қабылдайды. Қажетті жағдайлар толық жасақталған.

👉 Семинар қорытындысында жазғы кезең – тәрбие мен дамудың маңызды алаңы екені атап өтіліп, жүйелі серіктестік пен мазмұнды жоспардың маңыздылығы айтылды.