Теректі колледжіндегі тәжірибе алаңдары – болашақ маманның берік іргетасы.

Теректі колледжіндегі тәжірибе алаңдары – болашақ маманның берік іргетасы.

Теректі колледжіндегі тәжірибе алаңдары – болашақ маманның берік іргетасы

Облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин жұмыс сапары аясында Теректі колледжінің оқу-өндірістік базасымен танысты. Атап айтқанда, колледж жанынан ашылған жылыжай мен өндірістік ангар алаңдарын аралап, студенттердің тәжірибелік машықтану барысымен танысты.

🌿 Жылыжай – 08110300 «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» мамандығының Ж124 топ студенттері үшін нақты тәжірибе алаңы. Мұнда олар қызанақ, бұрыш, баклажан мен қияр көшеттерін күтіп-баптап, өнімдерін нарыққа шығару арқылы агробизнес дағдыларын меңгеруде. Жылыжайдың жалпы ауданы – 240 м², құрылыс колледж қаражатына жүзеге асқан.

🔧 Ал өндірістік ангар – 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша оқитын студенттердің кәсіби машықтарын жетілдіретін база. Ангардың ауданы – 216 м², мұнда студенттер көлік диагностикасы, жөндеу, жабдықпен жұмыс істеу және қауіпсіздік ережелерін практика жүзінде меңгеруде.
🎓 Елдос Сафуллин колледждегі теория мен тәжірибені ұштастыру бағытындағы жұмыстарға оң бағасын беріп, білім алушыларға кәсіби біліктіліктерін арттыруда сәттілік тіледі.