
Бүгін республикалық бюджет есебінен алынуы жоспарланған компьютерлік құрылғылардың кезекті бөлігі облысқа жеткізілді.
Бұдан бұрын қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында осал топтағы отбасылардың оқушыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметі резервінен 14970 дана компьютерлік техника алынатыны айтылған еді. Ол үшін бюджет қаражатынан ақша бөлінген болатын. Бөлінген қаражат 1558 дана компьютер, 2018 дана планшет, 11394 дана ноутбук алуға жұмсалмақ.
Бүгін облысқа 1500 дана ноутбук келді. Олар Бәйтерек, Теректі және Орал қаласының оқушыларына таратылып беріледі.
Қазіргі уақытта білім басқармасы және «Ақжайық – адалдық алаңы» кеңсесінің өкілдері техникалық құрылғыларды тексеріп, мектептерге таратып беруде.
БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ