
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
-жасы 35-тен аспауы,
-жоғары білімінің болуы,
-бес жылдан кем емес еңбек өтілі;
-қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес болуы.
Іріктеуге Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері мен бұған дейін резервке алынған азаматтар қатыса алмайды.
Іріктеу 6 кезеңнен тұрады:
Құжат қабылдау - 1 маусымнан бастап арнайы онлайн платформада (1 ай көлемінде);
Тест тапсырмалары - мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті (тамыз айының 2-3 және 9-10 күндері);
Ситуациялық эссе жазу - нақты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар (16-17 тамыз);
Құзыреттерді бағалау - ассессмент-орталық және HR-сұхбат (22 тамыз - 28 қыркүйек аралығы);
Сараптамалық комиссиямен әңгімелесу - 8–15 қазан;
Ұлттық комиссияның шешімі - үздік 50 кандидат қазан айының соңына дейін резервке қабылданады.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.
Анықтама телефондары: 8(7112) 50-92-82, 50-02-81.