Күрделі жөндеу туралы ақпарат
Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы аясында Жаңақала ауданындағы Карманов мектеп-бақша кешеніне күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстарын "Жайық Сити" ЖШС өткізуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, тиісті құжаттар рәсімделуде.
2022 жылдан ауыспалы Ақжайық ауданындағы Базартобе (дайындығы 99%), Жөндеу жұмыстары «СевКазЭнергострой» ЖШС өткізуде, және Бәйтерек ауданындағы Раздольное мектебі (дайындығы 100 %), Мердігері «АИАС строй Сервис» ЖШС, мердігерлерімен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді, тиісті құжаттар рәсімделуде.
Одан басқа, КПО б.в. компаниясының әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалары аясында 4 білім беру нысанының күрделі жөндеуін өткізуге қаражат бөлінді:
1. Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты-қуаттылығы 1176 орын,(дайындығы 55%), жұмыстарды аяқтау мерзімі 31 желтоқсан.
2.Орал қаласының Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыкалық мектебі- қуаттылығы 620 орын, дайындығы 40%), жұмыстарды аяқтау мерзімі 31 желтоқсан.
3. Орал қаласының №17 жалпы орта білім беру мектебі - қуаттылығы 1204 орын,(дайындығы 43%), жұмыстарды аяқтау мерзімі 31 желтоқсан.
4. Орал қаласының №9 жалпы орта білім беру мектебі - қуаттылығы 1260 орын, (дайындығы 40%), жұмыстарды аяқтау мерзімі 31 желтоқсан.
Бұл мекемелердің сырты және шатырлары ауыстырылады, терезелері жаңартылады және іші жөнделеді. Бүгінгі таңда жөндеу жүргізетін мердігерлер анықталды, жұмыстар жүргізілуде.