Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстық қосымша білім беру ұйымдарына қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының №4-қосымшасына сәйкес (ҚР Оқу-ағарту министрінің 01.03.2023 №56 бұйрығы редакциясымен) Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы келесідей облыстық қосымша білім беру ұйымдарына қамқоршылық кеңесті сайлау туралы конкурс жариялайды:

  1. «Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы» МКҚК;
  2. «Облыстық экологиялық-биологиялық оралығы» МКҚК;
  3. «Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы» МКҚК.
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстық қосымша білім беру ұйымдарына
Дата публикации
11 декабря 2023