Мұқатова Раушан Оқасқызы 1989 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келді.
Білімі жоғары, 2011 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, 2013 жылы Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университетін «Құқықтану» мамандығы бойнша бітірген.
Мансап
Әр жылдары:
- Зеленов ауданының Мичурин жалпы орта білім беретін мектебінің есепшісі,
- Круглозерный психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесінің есепшісі,
- Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы,
- Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бухгалтерлік есеп, есептілік және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы,
- Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы,
- 2024 жылдың шілде айында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.