
Бәйтерек" мәдени-ағарту және тынығу орталығында "Жас отбасы" жобасы аясында "Арт-терапия әдісі арқылы мінез-құлық олқылықтарын түзету" тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Отбасында мейірімді қарым-қатынас орнату, баланың жан дүниесін түсіну мүмкіндіктерін кеңейту, тұлға қалыптастыруды мақсат еткен шараға жас жанұялар мен жастар қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Дүзбатыр ашып, сәттілік@тілеген тренинг жұмысын "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушысы Гүлмира Төлегенова мен "Жас отбасы" клубының психологы Әдемі Аянғалиева жүргізді.
Отбасы құндылықтарын бағалай білу, ерлі-зайыптылардың өзара сыйластығы, екеуара сенім, қолдау білдіру жайын сөз еткен семинарда жастар бақытты отбасының сипатын талдап, пікір алмасты.