
"Bırgemız: Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасы аясында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және Железнов ауылдық округі Новенький ауылының ЖОББМ жанынан құрылған "Бумеранг" волонтерлар тобының ұйымдастыруымен және "28 ілмек" жобасын іске асыру мақсатында аудандық арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының қамқорланушыларына тоқу өнері бойынша шеберлік сағаты және волонтерлар қарияларға дойбы, шахмат ойнап көңілдерін аулады. Шара барысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры А.Талпахов және аудандық ішкі саясат бөлім басшысы Н. Дүзбатыр өздерінің алғыстары мен ризашылықтарын білдірді. Шараның мақсаты: ұмытыла бастаған мұрамыздың тоқу өнерін жандыра түсу мақсатында осындай игі істер әліде жалғасын табатын болады.