Ауданда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын қамтыған басқосу өтті.

Ауданда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын қамтыған басқосу өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен өткен басқосуға "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырушысы Гүлмира Төлегенова, өңірге белгілі психолог Әдемі Аянғалиева, БҚО Татуласу орталығы зорлық-зомбылыққа қарсы топ мүшесі Алуа Рахимова, БҚО әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Шынар Қапаева қатысып, тәжірибе алмасты.

Отбасы құндылықтарын дәріптеу, агрессивті мінез-құлық проблемаларын жою, зәбірлеушіліктің алдын алу, тұрмыстық кикілжіңге бейім отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жайын пысықтаған шарада аудандық соттың судьясы Амангелді Төлегенов пен полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Манарбек Нәжиев сала жұмысындағы тәжірибемен бөлісіп, полиция және пробация қызметінің жеке құрамы мен сот қызметкерлеріне қолданыстағы заң нормалары туралы түсінік берді.

Басқосудан соң мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа бейім тұлғалармен кездесіп, жеке оңалту жұмыстарын жүргізді.