Праймериз үміткерлері арасында жария пікірсайыс басталды

Праймериз үміткерлері арасында жария пікірсайыс басталды

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының праймериз үміткерлері арасында жария пікірсайыс басталды. Пікірсайыс қатысушыларына аудан әкімі Марат Тоқжанов сәттілік тілеп, алға қойған ауқымды мақсаттарының орындалуы үшін белсенді болуға шақырды.

Екі раундқа құрылған пікірсайыстың алғашқы кезеңде үміткерлер өздерін таныстырып, алдағы жоспарларымен бөліссе, келесі кезеңде өзара қойылған сұраққа жауап берді. Сондай-ақ үміткерлер партияластар тарапынан көтерілген сұрақтарға да пікір білдірді.