Бәйтерек ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдардың жалпы саны 1439 адамды құрайды, оның ішінде: 1 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 191, 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 560, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар – 478, 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 47, 16-дан 18 жасқа дейін 1 топ – 30 адам, 2 топ – 71 адам, 3 топ – 62 адам.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайларын реттеу, олардың қоғамда өмір сүруі мен тең мүмкіндіктер жасауы мақсатында 2025 жылдың 01 наурызына 9 мүгедектігі бар адамдар ымдау тілі маманымен, 1 адам жеке көмекші қызметтімен, 92 адам міндетті гигиеналық құралдармен, 4 адам кресло-арбамен, 29 адам протездік-ортопедиялық көмекпен, 8 адам тифло-сурдотехникалық құралдармен және 5 адам санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілді.
Бәйтерек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жыл басынан бері 536 адам әлеуметтік төлемдер алуға өтініш білдірген.
Азаматтардың өтініштері бойынша 5 отбасына коммуналдық төлемдерді төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысы төленді.
Мүгедектігі бар балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын 22 мүгедектігі бар баланың ата – аналарының біреуіне материалдық көмек төленді.
Бір жолғы әлеуметтік көмек: қатерлі ісік ауруына шалдыққан 329 адамға, өкпе ауруына шалдыққан 35 адамға, гемодиализ препаратын 1 топ мүгедектігі бар адамдар қабылдайтын 16 адамға, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға емделуге 64 адамға, АИТВ – инфекциясы 16 адамға, қызыл волчанка 2 адамға көрсетілді.
Сондай-ақ, Ауғанстанда әскери борышын өтеген кезде бір рет 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай, атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек 47 қатысушыға және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілді.