Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін, халқымыздың дархан пейілі мен мейірімділігін дәріптейтін ерекше мереке. Алғыс айту күні – ел бірлігі мен ынтымағының, ортақ тарихымыздың жарқын белгісі.
Тарихтың қилы кезеңдерінде қазақ халқы өз жеріне қоныс аударған сан алуан этностарға кең құшағын ашып, жанашырлық танытты. Сол мейірімділік пен қамқорлық бүгінгі күнге дейін біздің қоғамдағы достық пен татулықтың берік негізіне айналды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімді, тұрақтылық пен ынтымақты сақтаудағы маңызды институт. Біздің ауданымызда да этносаралық татулық пен өзара қолдаудың жарқын үлгісі қалыптасқан. Әрбір тұрғынның бірлік пен достықты нығайтуға қосқан үлесі – ауданымыздың тұрақты дамуының кепілі.
Сіздерге ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс, бақ-береке, елімізге бейбітшілік пен өркендеу тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Бәйтерек ауданының әкімі
М.Тоқжанов