1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскері Ауғанстан аумағынан толық шығарылды

1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскері Ауғанстан аумағынан толық шығарылды
1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскері Ауғанстан аумағынан толық шығарылды. Бұл күн - тарихта маңызды оқиға ретінде сақталып,Қазақстан мен басқа да бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күні ретінде атап өтіледі.
Адамзаттың ең асыл арманы - бейбітшілік пен тыныштық.Алайда, тарихта әділетсіз соғыстар мен қиын кезеңдер аз болмаған.Солардың бірі - Ауған соғысы.Бұл қасіретті жылдарда көптеген жауынгерлер ерлік көрсетіп,Отан алдындағы парызын адал орындады.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар Бәйтерек ауданының орталығындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан интернационалист –жауынгерлерге арналған «Ерлік» ескерткішіне гүл шоғын қойып, жат жерде қыршын кеткен жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Содан кейін кітапханада 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, Ауған соғысы туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, интернационалдық борышын өтеу жолында жерлестеріміздің ержүрек ерліктерін дәріптеу мақсатында «Антына адал болғандар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,таныстырылды.
Көрмеге Ауғанстандағы шайқаста құрбан болған және сол соғыста аман қалған жерлес жауынгерлер туралы деректі материалдар, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалар топтамаларымен толықтырылды.