Қазақ ән өнерінің алтын қорына мол мұра қалдырып кеткен әйгілі композитор, талантты жерлес әнші, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына орай «Туған жерін ән еткен» әдеби-музыкалық композициясы Орталық балалар кітапханасының оқырмандарына оздырылды.
Шара барысында кітапханашы Аягүл Қазбекқызы халық әртісі, абыз әнші, ұлы композитордың өмірі мен шығармалары, еңбек жолдары туралы ақпарат беріп өтті.
Елге танымал «Атамекен» әнінің музыкасын өзі жазса, ал сөзін белгілі ақын Қадыр Мырза Әлімен бірге шығарған патриоттық өнер туындысын Балалар музыка мектебінің вокал сыныбының мұғалімі Нигметов Асет Нұрланұлы орындап берді.
Батыс өңірінің мақтанышы, өнер саңлағы Ескендір Өтегенұлына арналған кітапхана қорындағы Ж.Ақбайдың «Мағмұр Сұңғат», «Қазақстан композиторлары» анықтамалық т.б кітаптары таныстырылып, оқуға ұсынылды.
Қазақтың дара туған талантты ұлы, шоқтығы биік композиторы дүниеден өтіп кетсе де, дарынды әншінің артындағы мұрасы әуелеген әні халықтың есінде.