
2025 жылы 13 ақпан күні Алматы қаласы КТК телеарнасының " Кел, шырқайық" шоу - бағдарламасына БҚО - сы Бәйтерек ауданынан халықтық "Ақниет" әжелер ансамблі қатысып "Үздік ансамбль" аталымына ие болып, жүлделі 1 орын алды. Ансамбльді ауқымды жобаға дайындаған аудандық театр басшысы, режиссер Әліби Жанәбілов және ансамлбь жетекшісі Арайлым Нарымбетова. Жоба мақсаты - Қазақсанның түкпір ауылдарынан халыққа танымал емес халық арасындағы әуесқой әншілердің өнерін елімізге таныту, атын шығару, ұмыт болып бара жатқан әндерді қайта жаңғырту,қазақтың даналығының, кеңдігін және өздерінің өлкелерінен шыққан өнімдермен таныстыру. Бағдарлама барысында әжелердің қарсыластары Өнер академиясының бір топ студенттері мен блогерлер командасы болды. "Ақниет" әжелері алдымен өз -өздерін таныстырып, ән - шашуларын көрерменге тарту етіп, естерінде қалған қызық оқиғаларын айтып берді. Сонымен қатар, Бәйтерек ауданынан сый - сияпат, "Белес - Агро"ЖШС-ң өнімдері, "Зере" ұлттық тәттілері, ауданның қолөнершілерінің бұйымдары мен Ақжайықтың ақын -жазушылары мен күйші- композиторларының кітап қоры сыйға тартылды Әжелерімізді басынан аяғына дейін дайындық барысында қолдау білдірген кино және театр актрисасы, редактор Самал Нұрбаева. Қатысушыларға әділ бағаларын берген қазылар алқасы құрамында әншілер Гүлмира Ақұрпекова мен Тахир Сұлтан және актриса,тележүргізуші Жазира Еркін.Сонымен қатар қатысушыларға бағаларын студияда отырған қарапайым халық берді Бағдарлама жүргізушісі көпшілікке танымал актер Қайрат Әділгерей.