Шара шымылдығы «Бабалар үні» домбырашылар ансамблінің сүйемелдеуімен Динаның күйі «Тойбастармен» ашылды. Ансамбльдің жетекшісі Амангелді Жанахметов, көркемдік жетекшісі, сырнаймен сүйемелдеуші, Достық ауылдық сахнасының шәкірті Нұртай Жәнібекұлы. «Ағалар әуені» вокалды тобының жетекшісі Анвар Таумов. Шарада сонымен қатар Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа», Желдібаевтың күйі «Еркесылқым», Құсайновтың күйі «Мереке», Жұбановтың «Би күйі», Құрманғазының күйі «Адай», Байділдаевтің «Туған ел» әні, «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең», халық әні «Бірбала», «Ару қала Астан, халық әндері «Құсни қорлан», «Ауылың сенің іргелі» сынды туындылар көпшілікке керемет көңіл күй сыйлады.
Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Тоғызбайұлы Дүзбатыр өнер ұжымына алғысын білдіріп, ықылас гүлін табыстады.