Ілияс Есенберлин – қазақ дала тарихының ұлы суреткері.

Ілияс Есенберлин – қазақ дала тарихының ұлы суреткері.
Ілияс Есенберлин – қазақ дала тарихының ұлы суреткері. Жазушы қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи оқиғалар арқылы сол заманғы тұрмыс-тіршілікті көркем суреттеумен кейінгі ұрпаққа тұтас бір тарихи кезеңді жеткізді.
Белгілі қазақ жазушысы І.Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Халқының тарихи санасын оятқан жазушы»портрет кеші кітапхана оқырмандарына өткізілді.
Аталған шара барысында кітапханашы Айнагүл Мағзомқызы қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлиннің күллі ғұмырын қазақ әдебиеті мен тарихына арнаған классиктің өмірі жайлы мәліметтерді балаларға айтып берді.
Жазушының қаламынан туған «Көшпенділер», «Алтын Орда» трилогиялары,«Ғашықтар», «Махаббат мейрамы» романдары, өз заманының өзекті тақырыбындағы «Алтын құс»,«Айқас» кітаптары тың тақырыпта жазылып, қазақ әдебиетіне серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылары «Қазақ тарихының әдеби суреткері» атты кітап көрмесіне қойылып, балаларға таныстырылды.