
Бәйтерек ауданында 2025 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша негізгі капиталға 47371,7 млн.теңге инвестиция тартылды.
2025 жылғы 1 қаңтарға тартылған 47371,7 млн.теңге инвестициядан:
- 4313,7 млн.тенге республикалық бюджет
- 4086,8 млн.теңге жергілікті бюджет
- 38971,2 млн.теңге жеке қаражатты құрайды.

2025 жылдың 1 қаңтарына сәйкес мәлімет бойынша ауданымызда барлығы 1279 жаңа жұмыс орындары құрылған (жоспар – 954, орындалуы - 134%). Оның 770-і тұрақты, 509-ы уақытша және маусымдық жұмыс орындары. Экономикалық қызмет түрлері бойынша бөлінісінде: ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 250, өнеркәсіп – 61, құрылыс – 21, көлік және қоймалау – 53, көтерме және бөлшек сауда – 211, білім беру – 6, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 6, қызметтің басқа түрлері – 162 жаңа жұмыс орындары құрылды.