Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды

Бәйтерек ауданының Сұлу көл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды
2025 жылғы 22 қаңтар күні Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сұлу көл ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына орай отырысын өткізді. Отырысқа аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы мен аудандық қоғамдық- саяси «Ауыл тынысы» газетінің өкілдері қатысты. Комиссия отырысында Сұлу көл сайлау округін құру туралы және  Сұлу көл ауылдық округі әкімінің сайлауын 2025 жылғы 2 наурызға тағайындау туралы комиссия қаулылары қабылданды. Ауылдық округ әкімі сайлауын тағайындау қаулысына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді. 
2025 жылдың 23 қаңтары мен 4 ақпан сағат 18.00 аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкіміне кандидаттардың ұсыну құжаттарын қабылдайды, сонымен қатар кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылғы 9 ақпан сағат 18.00-де аяқталады. 
2025 жылғы 9 ақпан сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады және 2025 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-де аяқталады. 
Ауылдық округ бойынша сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді бір учаскелік сайлау комиссиясы өткізетін болады.