“Крещение” мерекесі қарсаңында аудан әкімдігімен бірлесіп аудандық ТЖ бөлімі аудан бойынша суға шомылуға арналған жерлер белгіленді, ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесе отырып, көпшілік шомылатын жерлер бойынша рейдтер өткізілетін болады, сонымен қатар ол жерлерде өрт қызметі қызметкерлерімен ұйымдастырылған. Осыған қоса, аудан тұрғындары мен қонақтарына ойыққа шомылу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы ескерткіміз келеді.
“Крещение” мерекесінде ойыққа шомылуды жоспарлағандарға келесі ережелерді сақтауға кеңес береміз:
- бақылауға алынған жағада арнайы жабдықталған ойыққа шомылу;
- суға шомылмастан бұрын денені міндетті түрде қыздыру;
- ойыққа ыңғайлы, таймайтын және жеңіл шешілетін аяқкиіммен барған жөн, ойыққа барар жол тайғанақ болуы мүмкін;
- суға түсер жердегі баспалдақты сатының орнықты болуын қадағалаңыз;
- ешқашан ойыққа баспен сүңгімеңіз! Суға секіруге, баспен секіруге болмайды, себебі температурасын жоғалтады,күшейтеді,салқынның әсерінен шок алып қалуға әкеп соғуы мүмкін,
- өзіңізбен бірге баланы алып келмеңіз,ойыққа түсер кезде көзден таса қалдырмаңыз;
- көлденең қаланған ойықтан шығу қиын әрі қауіпті.Құлап кетсеңіз, мұз астына кетуіңіз кәдік.Сақтық пен өзара көмек қажет.
- шомылудан кейін өзіңізді және балаңызды түкті сүлгімен сүртіңіз және құрғақ киімдеріңізді киіңіздер.
- иммунитетті нығайту үшін және тоңып қалмаудан сақтану үшін дұрысы термостағы алдын-ала жеміс –жидек ,көкөністерден дайындалған ыстық шай ішу керек.