Аталмыш шарада «Үздік балалар кітапханасы-2024» аталымымен Орталық балалар кітапханасы аудан әкімі М.Тоқжановтың атынан дипломмен марапатталды.Оны Бәйтерек ауданының әкімінің орынбасары Галиев Ерлан Ерсайынұлы табыстады.
Аталмыш шарада жыл бойы кітапханамен тығыз байланыста болып,мәдени шаралар мен байқауларға белсене қатысқаны үшін "Үздік балалар оқырманы» аталымымен Заяро Михаил дипломмен марапатталса, оны Бәйтерек ауданының әкімінің орынбасары Галиев Ерлан Ерсайынұлы табыстады.
Кітапханаға арнаған ширек ғасырдан астам еңбек жолыңызда өз қабілетіңізбен жаңашыл көзқарасыңызды қызмет барысында көрсете отырып,оқырмандармен шынайы кәсіби қарым-қатынас орната білгеніңіз үшін,ертеңгі ел болашағы ,бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып,биіктен көрінуге деген ұмтылысыңыз үшін Орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Габдулиева Зауреш Шайдуллақызы Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Эльвира Есеркепқызы Аманғалиеваның атынан алғыс хатты директордың орынбасары Бурамбаева Қаракөз Қасымқызы табыстады.
«Айбынды,айдынды Ақжайық» анықтамалық жинағының шығуына зор үлес қосып,өлкеміздің тарихы ,табиғаты,мәдениеті туралы ізденіс жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытқаны үшін Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры Эльвира Есеркепқызы Аманғалиеваның атынан Орталық балалар кітапханасы дипломмен марапаттаса,оны директорының орынбасары Бурамбаева Қаракөз Қасымқызы табыстады.
Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Бәйтерек ауданының 85 жылдығына орай «Менің шағын Отаным» шығармашылық бейнемарафонына қатысқан қатысушылар марапатталды. Айтып кетсек «Менің туған көшем» номинациясы бойынша I орынға Дакешев Ризат,Маратқызы Аймекен, Серикова Мадина, ал «Жақсы адамдар жердің көркі» номинациясы бойынша белсенді қатысқаны үшін Берекетов Жан жеңімпаз атанды.
Жетекшілері: Курметова Канслу Дисембаевна - Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ-нің орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі,Милехин Виктор Викторович –Рубежин ауылының тұрғыны марапатқа ие болды. Барша марапат иелерін Бәйтерек ауданының ОКЖ-нің басшысы Жанабаева Жеңісгүл Қалиқызы мадақтама мен сыйлықтар табыстады.
Марапатқа ие болған оқырмандар кітапхана қызметкерілеріне өз лебіздерін білдіріп, сый - сияпаттарын табыстады. Балалардың құттықтаулары кітапханашылардың көңіл- күйлерін көтеріп, зор қуанышқа кенелтті.