
Шара балалардың жүрегін жаулап алған ерекше қойылыммен басталды. Мерекелік сахнада Хаги Ваги атты кейіпкер жаңа жыл мерекесіне кедергі келтірмек болды. Алайда, жақсылықтың күші оның жүрегін жібітіп, соңында ол да мейірімді әрі сүйкімді кейіпкерге айналды. Бұл оқиға балаларға жақсылықтың әрқашан жеңіске жететінін тағы бір дәлелдеді. Шырша мерекесі әсем әндермен, қызықты билермен және түрлі сыйлықтармен жалғасып, балалар үшін нағыз ғажайыпқа толы кешке айналды. Кішкентай қонақтардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық шараның сәтті өткенін дәлелдей түсті. Баршаңызға Жаңа жыл құтты болсын! Жақсылық пен бақыт тілейміз!