“Бәйтерек ханшайымы-2024” аудандық байқауы Дариян ауылдық мәдениет үйінде ерекше форматта өтті. Ұлттық дәстүрді ұлықтаған арулар сайысы Бәйтерек ауданының 85 жылдығына орайлас өткізілді.
Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығы мұрындық болған байқауға 7 ару баптары мен бақтарын сынады. Алтымен іріктеу кезеңі өткізіліп, кеште қатысушы аруларымызды Гала -концертте марапаттады.
-Сайыста қыздар өздерін таныстырып, ауылдары туралы тоқталып өтіп, өресінің биіктігін танытуға ұмтылды. Артынша шығармашылық шеберліктерін сынатты. Әркімнің қабілеті әртүрлі. Таңдаған өнерлеріде сан алуан. Десе де шама-шарқынша өз өнерлерін паш етті. Жарыста ой ұшқырлығы сыналып, білім деңгейлері тексерілді. Қыздарға қойылған сауалдарға жан-жақты, дәлірек айтқанда сауатты жауап беру талап етілді. Сәнқойлық сынаққа да өріс ашылды. Бұл кезеңде ұлттық нақышта сән үлгілері көпшілік назарына ұсынылды. Сыртқы сымбат сыналып, сахнадағы жүріс-тұрысқа да мән берілетін кезең осы болды.
Байқауға қатысушыларға Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Намазова Амангүл Рамазанқызы, жеке бала бақша “Пчела майя” меңгерушісі Назгүл Серікбайқызы, әкім аппаратының бас маманы Гүлжайна Есенгелдіқызы қазылық жасады. Ауыл әкімі Кәкенов Тілек Насырұлы аруларымызды құттықтады.
Жинаған ұпай қорытындысы бойынша Мичурино ауылдық округінен келген аруымыз бас жүлдеге ие болды.
Бірінші орынға Дариян ауылдық округінен қатысқан аруымыз лайық деп танылса, екінші орын Переметное ауылдық округінен келген аруымыздың қанжығасында кетті. Ал үшінші орын Володар ауылынан келген аруымызға бұйырда.
Сонымен қатар Рубежин, Чувашин, Белес ауылдарынан келген аруларымызда жоғарғы деңгейде өнер көрсеткендері үшін марапатталды.
-Сұлулар сайысына қатысушылардың барлығы да үлкен дайындықпен келгендігі көрініп тұр. Бәрі де бас жүлдеден үмітті еді. Шетінен сұлу, өнерлі. Қазылар алқасы шын мықтыны анықтау мақсатында әрбір үміткерді жан-жақты талдап барып, нақты шешім қабылдады. Байқауымыздың қонағы, жас өнерпаз Ақназар Асан керемет өнерін көрерменге паш етті. Байқауымыз өте әсерлі, әдемі өтуіне ат салысқан қол ұшын берген демеушілер Бәйтерек ауданының мәдени-демалыс орталығы, Тоо “Желаев нан”, Ип Ишмухамбетова Д.М., Ип Гулиев Гулиев Адил Бехчатоглы кафе “Ай-луна”.
Демеушілерге Үлкен алғысымызды білдіреміз!!!