Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!

Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!
Құрметті Бәйтерек ауданының тұрғындары!
Сіздерді 25 қазан — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздерін, ұлттық құндылықтары мен тарихын қадірлеу мен құрметтеудің символы. Біздің мемлекетіміздің іргетасы болып табылатын осынау мерекеде әрқайсысымыздың жүрегімізде елге, жерге деген мақтаныш, сүйіспеншілік туындайды.
Бәйтерек ауданында қалыптасқан тұрақтылық, ынтымақ пен бірлік — еліміздің гүлденуінің кепілі.
Бүгінде біздің мемлекетіміз барлық салада өзінің әлеуетін арттыруда. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет пен спортты дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру — барлығы да біздің прогрессіміздің бір бөлшегі. Бәйтерек ауданында осы бағыттарда тың бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Біздің барлық тұрғындарға білім мен ғылымды, инновация мен технологияны игеруде кең мүмкіндіктер ұсынылуда. Технологияның дамуы, кәсіпкерліктің гүлденуі — еліміздің экономикасын нығайтуда, жұмыс орындарын ашуда маңызды рөл атқаруда.
Бәйтерек – Батыс Қазақстан облысындағы егінді өлке. Кейінгі төрт жылда егістік жердің көлемі айтарлықтай ұлғайып, қамба астыққа толды. Бұл – ауыл шаруашылығы саласында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың маңдай тері, ел дамуына қосқан үлесі. Сонымен қатар жеке инвестиция тарту бойынша да ауданымыз алдыңғы қатарда. Осылардың арқасында 2022 жылдан бастап Бәйтерек облыстық бюджеттің доноры, яғни өңір экономикасының драйвері болып танылды. Агроөнеркәсіп кешені аудан экономикасын тұрақтандыру жолындағы негізі бағыттардың бірі болып айқындалды. Ал президентіміз Қ.Ж.Тоқаев жол мәселесінің өзекті екенін атап өткен болатын. Соның нәтижесінде барлық ауылдық округ орталықтарына дейін қатқыл табанды жол тартылды. Ендігі кезекте ауылішілік жолдар жөнделуде.
Сіздерге, қадірлі халқым, ұзақ өмір, жарқын болашақ, отбастарыңызға амандық, бақыт, табыс тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгі, еңселі болсын! Республика күні құтты болсын!