Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды

Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалды

Бәйтерек ауданының Макаров ауылдық округі әкімінің

сайлауы тағайындалды

 

    2024 жылғы 23 қазан күні Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Макаров ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына орай отырысын өткізді. Отырысқа аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығы мен аудандық қоғамдық- саяси «Ауыл тынысы» газетінің өкілдері қатысты. Комиссия отырысында Макаров сайлау округін құру туралы және  Макаров ауылдық округі әкімінің сайлауын 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындау туралы комиссия қаулылары қабылданды. Ауылдық округ әкімі сайлауын тағайындау қаулысына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.

    2024 жылдың 24 қазаны мен 5 қараша сағат 18.00 аралығында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкіміне кандидаттардың ұсыну құжаттарын қабылдайды, сонымен қатар кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылғы 10 қараша сағат 18.00-де аяқталады.

    2024 жылғы 10 қараша сағат 18.00-ден кейін кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталады және 2024 жылғы 30 қараша сағат 00.00-де аяқталады.

 Ауылдық округ бойынша сайлау төрт учаскелік сайлау комиссиясында ұйымдастырылып, өткізілетін болады.