
Бәйтерек ауданының аумақтық референдум комиссиясының «Референдумға тиімді дайындық және өткізу жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы оқыту семинар-кеңесі 2024 жылдың 18 қыркүйек күні Байқоныс ауылдық клубы ғимаратында ауданымыздың №195, №196, №197, №198, №199, №201, №202, №200, №203, №204, №205 учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің басқосуымен өткізілді. Оқыту семинар-кеңесте аудандық АРК төрағасы Р.Ихласов алдағы референдумды ұйымшылдықпен өткізу, ҚР «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер, референдум комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі мәселелері туралы сөз қозғады. Аудандық АРК хатшысы Г.Ғұбашева дауыс беруге арналған үй-жайларды жабдықтау және тіркеу журналдарын толтыру туралы айтса, аудандық АРК төрағасының орынбасары Б.Нығметов азаматтар тізімімен жұмыстану, сайлаушыларды хабардар ету, дауыс беру күні учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің әрекеттерінің алгоритмі туралы ақпарат берді. Оқыту семинар-кеңестен кейін учаскелік референдум комиссиялары мүшелеріне практикалық жұмыстар ұйымдастырылып, УРК мүшелері тестілеуден өтті. Бұл бағыттағы оқыту семинар-кеңестері ағымдағы жылдың 25 қыркүйегіне дейін жалғасатын болады.