2024 жылдың 6 қыркүйегінде Бәйтерек ауданының өнерпаздары Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында "Жақсылыққа бір қадам" қайырымдылық концертін ұйымдастырды.

2024 жылдың 6 қыркүйегінде Бәйтерек ауданының өнерпаздары Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында "Жақсылыққа бір қадам" қайырымдылық концертін ұйымдастырды.
2024 жылдың 6 қыркүйегінде Бәйтерек ауданының өнерпаздары Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында "Жақсылыққа бір қадам" қайырымдылық концертін ұйымдастырды. Алғашқы сөзді "Сенімді болашақ" мүгедектігі бар адамдар ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айтбаев Амани Шатокұлы алып, мұндай іс-шаралардың ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген құрмет пен қолдауды арттыратынын және қоғамда өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.
Концерт барысында орталықтың психологы Нұрбобек Камалқызы арнайы "Жүректен жүрекке" тренингін өткізіп, қатысушылардың рухани қолдауына үлкен септігін тигізді.
Концерт соңында Бәйтерек ауданы жастар орталығының басшысы Жанар Асылбекқызы сөз сөйлеп,балаларға ерекше көңіл бөліп, олардың жүректеріне қуаныш сыйлау мақсатында ойыншықтар тарту етті.
Сонымен қатар, орталықтың жетекшісі Самат Нағымұлы аудан өнерпаздарына шынайы алғысын білдірді .
Бұл шара ерекше қажеттіліктері бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың өмірге деген сенімін арттыруға зор үлес қосты. Кездесуге қатысқан балалар мен қызметкерлердің жүздерінде қуаныш пен ризашылықтың ізі қалды.
Облыстық Халық Шығармашылығы Орталығы
Көшім Ауылдық Округі Әкімдігі
Бәйтерек Жастары