Құрманғазы мектебінде су жаңа автобус!

Құрманғазы мектебінде су жаңа автобус!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жолдауында «Мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту – маңызды міндет» - деген болатын. Маңызды міндетті орындау мақсатында елімізді қазба байлықтары кеңінен игеріліп, халық игілігіне жұмсалуда. Ал бұл салаға яғни Қазақстандағы мұнай өнеркәсібіне 125 жыл толса, осы мұнай-газ және конденсат өндіруге қолайлы, жері құнарлы, алтын дәнді, кең өлке Бәйтерек ауданына биыл 85 жыл отыр. Жоғарыда аталған мерейтойларға орай ауданымызда табысты қызмет етіп келе жатырған «Орал Ойл анд Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құрманғазы жалпы орта білім беру мектебіне су жаңа мектеп автобусын сыйға тартты. Бұл көлік біздің Аманаттық оқушыларымыздың мектепке қауіпсіз әрі жайлы жетуі үшін аса маңызды. Осындай игі іске қолдау білдірген компания өкілдеріне шексіз алғысымызды білдіреміз.