
"2024 жылғы 6 қазанда Республикалық референдум өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Бәйтерек ауданы әкімдігінің жанындағы сайлаушылар үшін Call-орталық ашылды.
Сайлауды өткізуге, сайлаушылар тізіміне өз деректеріңізді қосуға және алып тастауға, сондай-ақ нақтылауға байланысты барлық сұрақтар бойынша сіз дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейтін 8 (71130) 23-4-90 Call-орталығының телефондарына хабарласа аласыз.