
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Бәйтерек аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі
ҚАУЛЫ №11_«28» _07_ 2020ж.
Құрбан айт мерекесі күндері
Бәйтерек ауданының аумағында
коронивирустық инфекцияның таралуына
ықпал ететін бұқаралаық іс шараларды
өткізуге тыйым салу туралы.
Мен, Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Альфия Хасенова «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 2020 жылғы 07 шілде айындағы № 360-VI, 38 бабы 1 тармағының 4 тармақшасы, 2 тармағының 3 тармақшасы,1 тармағының 4 тармақшасы 104 бабының 2,3,7 тармақтары, « Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылгы 6 сәуірдегі 480-V, заңының 65 бабы, « санитарлық эпидемияға қарсы және санитарлық профилактикалық іс шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселері туралы»
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2020 ж 05 шілде айындағы № 78/2020 бұйрығы , өмірді қорғау мақсатында, және короновирустық инфекцияның болдырмау мақсатында, Бәйтерек ауданы аумағында эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бәйтерек ауданы әкімдігіне,Бәйтерек ауданы Полиция бөлімшесіне, Бәйтерек ауданының бас имамына, 2020 жылдың 31 шілдесімен 02 (қосқанда) тамыз Құрбан айт мерекесін тойлау кезіндегі тыйым салынатын іс шаралар:
1.1. меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік иеліктерде адамдар көп жиналатын іс шаралар өткізуге;
1.2. Бәйтерек ауданының әкімдігі белгіленген орындардан басқа Бәйтерек ауданы аумағында автокөліктерден малды сату және малды союды ұйымдастыруға және өткізуге ;
1.3. 2020 жылдың 31 шілде мен 02 (қосқанда )тамыз Бәйтерек ауданы әкімдігі, бас имамы мен белгілеген Онлайн құрбан шалу цехтарының жұмысынан басқа , малды сою цехтарының жұмысына тыйым салынсын;
1.4. БАҚ арқылы онлайн режимінде қүрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілсін ;
2. 2020 жылдағы 29 шілдеден 02 тамыз, Бәйтерек аудандық аумақтық инспекциясының басшысына:
2.1. Бәйтерек ауданы ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау күшейтілсін:
2.2. Мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілер басшыларымен қаулының тармақтарын орындауын бақылауды қамтамасыз ету;
3. Бәйтерек ауданы әкімдігіне, және Полиция бөліміне, Бәйтерек ауданының бас имамына, 2020 жылдың 31 шілдесімен 02 (қосқанда) тамыз Құрбан айт мерекесін тойлау кезіндегі тыйым салынатын іс шаралар.
3.1. Құрбан шалу (Құрбандық) Онлайн режимінде рұқсат ету және Qurban 2020.kz арқылы сайтқа өтінім беру.
Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселесін халлыққа түсіндіру үшін CALL- орталықтың жұмысын ұйымдастыру.
4. Онлайн режиминде мал союмен айналысатын меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне
4.1. Тез бұзылатын өнімдерді ( құрбан шалынған малдың етін) тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;
4.2. мал союды ветеринариялық сертификат болған жағдайда және жабық режимде, келушілерсіз жүргізу.
4.3. респираторлық ауру белгілері бар персоналды мал союға жібермеу;
4.4. мал сою цехтарының тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету;
4.5. дезинификциялау және қол жуу құралдары , маскалар қолғаптар сонымен қатар антисептиктер қорының болуын қамтамасыз ету;
5. Бәйтерек ауданы полиция бөліміне
5.1. мал сою цехтарына бөгде адамдарды жібермеуді бақылау,
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Бәйтерек ауданының әкіміне, Бәйтерек ауданы полиция басқармасына, Бәйтерек ауданының Бас имамына, Бәйтерек ауданың ҚКҚБТУ бөлім басшысына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді.
Бәйтерек ауданынң Бас Мемлекеттік
санитарлық дәрігері А.Хасенова