Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар!
Құрметті отандастар!
Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Ата заң – мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі әрі еліміздің саяси және қоғамдық құрылысын, айнымас құндылықтары мен даму жолындағы стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын басты құжатымыз.
Жалпыұлттық референдум арқылы жаңартылған Конституциямыз ұлтты ұйыстырудың нағыз символына айналды. Сондай-ақ негізгі заңымыз елдің саяси жүйесін демократияландыруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін ауқымды өзгерістердің берік тұғыры саналады. Конституциялық Соттың құрылуы – осындай институционалды реформаның бірі. Бұл құрылым азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалатынына әрдайым кепілдік беретін Ата заңымыздың рөлін мейілінше арттырды. Жалпыға бірдей жол ашатын Әділетті Қазақстанды құру үшін Конституция қағидалары қатаң сақталып қана қоймай, қоғамның сана-сезіміне біржола орнығуға тиіс. “Адал азамат” деген атқа лайық әрбір адам Ата заңның биік мұраттарын қолдайтынына және оны өмірлік ұстанымына айналдыратынына нық сенімдімін.
Қадірлі бәйтеректіктер!
Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Конституция күнінде тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін!
Игі тілекпен, аудан әкімі Марат Тоқжанов