Азаматтардың назарына!
1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа форматы енгізілді.
Азаматтар «
eqyzmet.gov.kz» порталы арқылы онлайн түрде мемлекеттік қызметке орналасуға өтініш беріп, конкурсқа қатыса алады.
Конкурстық рәсімнің барлық кезеңі онлайн түрде өткізіледі, оған үміткерлер кез келген жерде және қалаған уақытында өтініш бере алады.
Мәлімет үшін. Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына 2-3-қосымша Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидаларымен реттеледі.