Біздің астанамыз мемлекетіміздің басты мақтанышы, әрі символы. Бұл кең-байтақ отанымыздың жүрегі. Сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған рухты бабаларымыздың арманы болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайталанбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала.
6 шілде — біздің еліміздегі елеулі күндердің бiрi. Бұл — әсем Астананың туған күні.Еліміздің маңызды жалпы ұлттық мейрамы Астана күніне орай «Шуақ шашқан бас шаһар» атты тақырыптық кеші аудан орталығының балаларымен өткізілді.
Шара барысында кітапханашы Айнагүл Төлеуова елордамыздың даму жолдары мен тарихи кезеңдерін баяндау арқылы оқырмандарға бас қаласының соңғы үлгідегі салынған кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын үйлер-сәулет өнеріндегі үздік туындылары туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ақпарат беріп өтті.
Әріқарай кітап қорынан жасақталған «Қазақстан тәжі-Астана» атты кітап көрмесіне фотосуреттер, елорданың өткенінен және бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын әдебиеттер қойылды.Атап айтсақ: Труспекова Х. «Жаңа заман сәулесі», Әли А. «Астана-город будущего», «Астана» т.б кітаптар таныстырылды.
Елорда — халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры. Уақыттан оза шапқан бүгінгі шаһарымыздың— еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімнің көpiнici, арманы мен тілегінің кепілі.