Қазақ әдебиетінде айшықты із қалдырған атақты қаламгердің асқақ рух пен асыл адамгершілік қасиеттерді насихаттайтын шоқтығы биік туындылары, рухани игілікке айналып, халқымен бірге жасап келеді.
Биылғы жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалған көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Тау тұлғалы тарлан» атты әдеби кеші Камен мектебінің жанынан ашылған «Солнышко» жазғы демалыс лагерінің демалушыларына оздырылды.
Шара барысында кітапханашы Козинова Аягүл Қазбекқызы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы, атақты туындылары туралы ақпарат беріп өтті.
Әрі қарай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесіндегі «Менің атым Қожа», «Меня зовут Кожа», «Әжесінің баласы», «Таңдамалы», «Я еще вернусь», «Путешествие в детство» т.б. шығармаларын екі тілде таныстырды.
Бұл көрмеде Бердібек Соқпақбаевтың қызы Самал Бердібекқызының әкесі,балалық шағы, өзінің отбасы туралы естеліктерін 2024 жылдың 8 ақпан айының республикалық «Время» газетінде жарияланған сұхбатын, сонымен қатар аталмыш мерейтойына орай мерзімді басылымдар «Айгөлек», «BALDYRGAN»,«Мөлдір бұлақ» журналдарындағы мақалаларды оқуға кенес берді.